17 сәу, 2026 сағат 18:49

“Еңбек адамы” тұжырымдамасы аясында жеңіл өнеркәсіп нақты қандай рөл атқарады?

Фото: ЖИ арқылы жасалған

“Еңбек адамы” тұжырымдамасы қоғамда адамның басты құндылығы ретінде оның еңбегі мен кәсіби біліктілігін жоғары қоятын идея. Бұл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба. Ал осы Президент жиі айтып жүрген “еңбек адамы” тұжырымдамасы аясында жеңіл өнеркәсіп нақты қандай рөл атқарады? Бұл сала шынымен қарапайым жұмысшының мәртебесін көтере ала ма? Бұл туралы еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына қатысты баспасөз конференциясында мамандар айтты.


«QAZTEXTILEINDUSTRY жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы өзін өзі реттейтін ұйымның басқарма төрағасы УАХИТОВА ГҮЛМИРА БЕКЕНҚЫЗЫ:

«“Еңбек адамы” бейнесі жанжақты насихатталуы керек деп есептеймін. Жеңіл өнеркәсіпте жұмыс ісітейтін азаматтар бұл салада табиғи өнім шығарып отырғанын мақтан тұтуы керек.  Мемлекет басшысы да бір емес, бірнеше рет масылдық саясатынан кетіп, еңбексүйгіштікті насихаттау керек екенін айтты. Өз қолымен табиғи өнім шығарып жатқан азаматтардың еңбектері лайықты бағаланып, қоғамда лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін бағдарламалар әлі де керек. Егер бір адам тігінші мамандығына оқып жатса мемлекет оған тегін балабақшамен көмектессе, жеңілдікпен ипотекалық несие алуға мүмкіндік туса. Нақты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарға мектеп формаларын тігу сияқты мемлекеттік тапсырыс берсе жақсы болар еді. 
Біз атаулы әлеуметтік көмектен бас тарту керек деп есептейміз. Себебі ол бірқатар қиындықтар туғызып отыр. Көптеген тігіншілер атаулы әлеуметтік көмек те ала отырып, жұмыс істегілері келеді. Әрине кадр тапшылығы болғандықтан біз бұған қызығушылық танытып отырмыз. Себебі кәсіпкерлер жұмысшыларға заңсыз түрде жалақы төлеуге мәжбүр. Жаңа салық кодексі шыққалы заң талаптарына сай жұмыс істеу керектігін түсініп отырмыз. Біздің бизнесмендер заңды жұмыс істеуге дайын және бұны құптайды. Сондықтан бизнесмендер ашық жұмыс істеу үшін  атаулы әлеуметтік көмектің кедергі келтіріп отырғанын айтқысы келеді. Халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп жұмыс істеуіміз қажет шығар. Тігінші, машинист, электриктерімізге белгілі бір жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектерді жұмыс істеп пайда әкелсе ғана беретін болса дейміз. Олар өз жұмыстарын мақтан тұтып, жұмыстары қандай да бір кепілдік беретінін сезсе екен», - дейді Гүлмира Бекенқызы.