17 сәу, 2026 сағат 18:53

Жеңіл өнеркәсіптегі әйелдер: еңбек жағдайы, жалақысы және әлеуметтік қорғалуы


Фото: ЖИ арқылы жасалды

Бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіптің отандық саласы 26 мыңнан астам жұмыс орнын беріп отыр. Еліміздегі жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтін қызметкерлердің 60 пайызы әйелдер. Олардың еңбек жағдайы, жалақысы және әлеуметтік қорғалуы бойынша қандай нақты өзгерістер бар екені туралы және декреттен кейін әйелдердің жұмысқа қайта оралуына қандай қолдау көрсетілетінін тілші сұрағына жауап беру кезінде ҚР ӨҚМ өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары АНДАКОВ МҰХАМЕД ЗАДИНҰЛЫ айтып берді.

«Жеңіл өнеркәсіп саласы біздің Қазақстан азаматтарына үй шаруасында отырғандарына болсын зор мүмкіндіктер береді. Жеңіл өнеркәсіпте кәсіп бастау оңай  және ол бағаланады. Тіпті өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат алғашқы кәсібін бастаудың алғашқы этаптарында болса да бұл оңай деп айтар едім. Себебі мұнда тәжірибелі кәсіпкерлер кәсіпті қалай жүргізу керек, қателіктерге жол бермеу үшін не істеу қажет, өз брендін қалыптастыру, табысты қалай табу керектігі жөнінде өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Жыл сайын ашылып жатқан жаңа кәсіпорындар жаңа мүмкіндіктер беріп жатыр. Бұл салаға кәсіпкер өз еңбегін, қаржысын, ресурсын салады, мамандарды оқытады. Тігін не болмаса басқа машиналарда жұмыс істей алатын болса оған декретте отыру да кедергі болмайды. Ол адам үйінде де жұмыс істеп, өз саласын жалғастыра алады, қолы бос уақытта берілген тапсырмаларын орындап ақша таба алады. Сондықтан бұл сала тіпті декреттік демалыста да ақша табуға ыңғайлы сала. Заңда белгіленген барша еңбек жұмысшыларының құқықтары бұл кәсіпте сақталады. Декреттік демалысқа шыққан жұмысшылар ол тігінші немесе технолог болуы мүмкін, немесе басқа мамандық иесі болса да  міндетті түрде өз жұмыс орнына қайтып орала алады. Оның жұмыс орны декреттік демалыс уақыты біткенше сақталады. Кәсіпкердің өз мамандығын сақтап қалу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көп», - деп отыр ҚР ӨҚМ өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.