
ЕО көшбасшылары бейне байланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құру шешімін қабылдады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы керек. ЕО-да шамамен 1,5 трлн еуро жиналады деп үміттенеді. Осылайша, 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд еуро сомасына несие пакеті дайын болады.
