26 қаң, 2023 сағат 13:34

Ер адам 15 жастағы қызды алып қашқан: полиция тергеуді бастады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды алып қашқан. Полиция бұл іс бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызына қатысты Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен.

Сараптама тағайындалды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл істі Түркістан облысы ПД бақылауына алған.