11 нау, 2026 сағат 14:54

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиаданың қола жүлдесін иеленді

Фото: Olympic.kz

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.