
Нью-Делиде (Үндістан) өтетін еркін күрестен Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандарымыздың есімдері белгілі болды, деп жазады "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, «Сарықұрлық» додасы 18-23 ақпан аралығында өтеді.
Еркін күрестен Азия чемпионатына 10 салмақ санаты бойынша әр салмақтан бір-бір балуаннан қатысады.
Атап айтар болса, 57 келі салмақта Нұрислам Санаев, 61 келіде Нұрболат Абдуалиев, 65 келі салмақта Дәулет Ниязбеков ел намысын қорғайды. 70 келіде Мейіржан Әшіров сынға түссе, 74 келі салмақта Данияр Қайсановқа, 79 келіде Ғалымжан Өсербаевқа сенім артамыз.
Ал 86 келіде Азамат Дәулетбеков, 92 келіде Илизхан Чилаев, 97 келі салмақта Әлiшер Ерғали сынға түседі. Сонымен қатар 125 келі салмақта Юсуп Батырмурзаев ел намысын қорғайды.
