
Кортрейкте өтіп жатқан теннистен Федерация кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Бельгиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жолы әлемінің 63-ракеткасы Зарина Дияс рейтингте 81-орында тұрған Кирстен Флипкенспен сынға түсті.
Негізі Зарина Исалин Бонавантюрмен ойнауы керек еді. Дегенмен Бельгия құрамасы оны ауыстырып, жұптық бәсекеде кортқа шығуы тиіс К.Флипкенсті қосты. Бұл тактика өз жемісін берді. Бельгиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша бельгиялықтар 3:1 есебімен алға шықты. Енді жұптық бәсеке ештеңе шешпейді. Бельгия 14-19 сәуірде Будапеште өтетін финалдық сайысқа жолдама алды. Оған ең үздік 12 құрама қатысады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бір ұпай беріп қойғанын, Путинцеваның таразы басын теңестіргенін, бүгін оның жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
