
Филиппин елінің Сан Хуан қаласындағы Greenhills сауда орталығында атыс болып, келушілер эвакуацияланды. Бұл туралы The Manila Times басылымы хабарлады.
Консалтингілік фирманың мәлімдеуінше, сауда орталығында бұған дейін күзетші болып жұмыс істеген ер адам 27 қызметкерді тұтқынға алған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, арнайы жасақ, сондай-ақ Сан-Хуан қаласының мэрі Фрэнсис Замора жетті.
