22 қаң, 2018 сағат 07:32

Франция Expo көрмесін өткізуден бас тартты

Франция Expo-2025 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге берген өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды Deutsche Welle Journal du. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Францияның премьер-министрі Эдуар Филипптің сөзіне қарағанда, мұндай жағдайға қаржы мәселесі себеп болған.

Франция Expo-2025-ті өткізуге 2017 жылдың қыркүйегінде өтініш берген болатын. Онда олар әлемге танымал көрмені 35-тен 65 млн адамға дейін тамашалай алатындығын хабарлаған еді. Айта кетерлігі, Миланда өткен Expo-2015 көрмесін 20 млн адам тамашалаған еді.

Франция бас тартқаннан кейін Expo-2025 көрмесін өткізуге үш ел - Әзербайжан, Ресей, Жапония үміткер болып қалып отыр.

Көрмені өткізуге құқық алатын елдің аты 2018 жылдың қарашасында жарияланады.