
Францияның оңтүстік-батысында кеше әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Франция Құрлық әскері құрамындағы жауынгерлік 5-полк тікұшағы жоғары Пиринеи департаментінің әкімшілік орталығы Тарб қаласына жақын жерге құлаған.
Тікұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр, тергеу жұмыстары басталды.
