10 ақп, 2020 сағат 05:21

Фристайл-могулдан Еуропа кубогы: Қазақстандық спортшы екі медаль алды

Швецияның Оре қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарыстар барысында қазақстандық спортшы Анастасия Городко екі мәрте мінберге көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, А.Городко «параллельді могулда» бірінші болды. Ол финалда Германия өкілі Ханна Вессені басып озды.

Сондай-ақ спортшымыз «могул» кезеңінде «қола» алды. Бағдарламаның аталмыш түрінде алтын медаль Нидерланды өкілі Жанеке Бергхуиске бұйырды. «Күмісті» швециялық Май Бьеркман иеленді.

Еуропа кубогының жалпы есебінде А.Городко көшбасшылық позицияны сақтап келеді.