
Ел чемпионы «Астана» өз алаңындағы алғашқы ойындарын Алматыда өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Астана» футбол клубы мәлім еткеніндей, бұл «Астана Арена» стадионында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр.
Осыған орай Михал Билектің шәкірттері маусым басында қонақтарды Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында қабылдайды.
Аталмыш стадиондағы жасанды алаң 2018 жылы ФИФА-ның сертификаттауынан өткен. Оған 1500 адам сыяды.
«Жас Қырандағы» бірінші матч 7 наурыз күні болады. Бұл күні «Астана» Петропавлдың «Қызылжарымен» жасыл алаңға шығады.
7 наурызда, сондай-ақ, «Ордабасы» - «Оқжетпес», «Қайрат» - «Тараз», «Тобыл» - «Шахтер», «Каспий» - «Жетісу», «Қайсар» - «Ертіс» ойындары өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионатының атауы өзгергенін жазған болатынбыз.
