17 мау, 2021 сағат 20:20

Футбол: Григорий Бабаян «Тобылдан» Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты


Белгілі бапкер Григорий Бабаян «Тобылдан» Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ЦСКА клубының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Бабаян команданың бапкерлер құрамына ресми түрде қосылды. 

«Бұдан бұрын Григорий Константинович «Тобыл» футбол клубына басшылық етіп келген болатын. Енді бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған Алексей Березуцкийге көмектесетін болады», деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

ЦСКА клубында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің өнер көрсететіні белгілі.

Бабаян осыған дейін қостанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері міндетін атқарып келген еді. 

Қазіргі кезде Қазақстан чемпионатында «Астана» 35 ұпаймен көш бастаса, «Тобылдың» одан үш-ақ ұпайы кем.