19 мам, 2021 сағат 21:50

Футбол: Қазақстан мен Косово құрамасының матчы өтпейтін болды

 

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен Косова құрамасы арасында жолдастық матчтың болмайтынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«18 мамыр, 2021 жыл. Қазақстан үкіметі ұлттық құрамасының Косовоға келуіне рұқсат бермегендіктен, 4 маусымда Приштинада жоспарланған жолдастық матчтың болмайтынын хабарлаймыз. Бұған дейін дардандықтар Австрияда Мальтаға қарсы жолдастық матч өткізеді. Ал 8 маусымда Анталиядағы Комор аралдарына қарсы жоспарланған келесі жолдастық матч Гвинеямен ауыстырылады. Бұған себеп – Анталиядағы Covid-19 жағдайына байланысты қойылған шектеулер», – делінген Косовоның футбол федерациясы сайтында.