25 мам, 2021 сағат 09:25

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды


Бас бапкер Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, ел құрамасы 4 маусымда Скопьеде Тоше Проески атындағы стадионда Солтүстік Македония құрамымен кездеседі. 

Сондай-ақ 7 маусымда Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта командасымен күш санасады.

Сонымен Қазақстан мына құрамда аттанбақ.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Тұран»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей).

Қосалқы құрам:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Қайсар»), Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – «Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Ақтөбе»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей);

Шабуылшы: Абат Айымбетов («Астана»).

Бапкерлер штабы:

Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшілері, Марат Еслямов – дене даярлығы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.