13 нау, 2020 сағат 15:15

Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы Қазақстан кубогы алғашқы кезеңін өткізуді кейінге шегерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" лиганың сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алуға бағытталған. Сондықтан қазіргі таңда алғашқы кезеңді өткізу мәселесі талқылануда. Бұл Қазақстан футбол федерациясымен келісілгеннен кейін өз шешімін табады.

Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі 16-26 наурыз аралағында өткізілуі тиіс болатын. Оған бірінші және екінші лига командалары қатысады. 

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан футбол федерациясы спорттық іс-шараларды тоқтатты.