28 сәу, 2021 сағат 21:31

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жартылай финалға жолдама алды


Бүгін, 28 сәуірде футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында Алматының Португалияның «Бенфика» командасымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған кездесу тартысты өтті. Есепті алғаш болып қазақстандық клуб сапынан 16-минутта Гадейя соқты. Көп ұзамай «Бенфика» қатарынан Жезуш Афонсу таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 30-минутында «Қайрат» құрамынан Эдсон қайтадан командасын алға шығарды. Ал 34-минутында португалдық Тьягу Бриту тағы да есепті теңестіріп кетті.

Негізгі кезең 2:2 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймның 44-минутында қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов командасын алға шығарса, 46-минутта тағы бір қайраттық Гадейя мергендік танытты. «Қайрат» сапынан Фернандиньо 48-минутта есепті ұлғайтса, 49-минутта Біржан Оразов қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Қайрат» қарсыласын 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді оларға «Барселона» (Испания) - «Добовец» (Словения) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Сондай-ақ, ширек финалда «Барселона» (Испания) - «Добовец» (Словения) командаларынан өзге «Интер» (Испания) - «Газпром-Югра» (Ресей), «Спортинг» (Португалия) - КПРФ (Ресей) командалары кездеседі. Төрт жұптағы сегіз команда 28 сәуір және 3 мамыр аралығында Хорватияның Задар қаласында өткізіледі.