29 сәу, 2021 сағат 02:36

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» жартылай финалдағы қарсыласы анықталды


Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында Алматының «Қайрат» командасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық клуб 28 сәуірде ширек финалда Португалияның «Бенфика» командасынан 6:2 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды. 

«Қайрат» енді Испанияның «Барселона» клубымен кездеседі. Испаниялық клуб Словенияның «Добровец» командасын 2:0 есебімен жеңді. 

Жартылай финал ойындары 1 мамыр күні өткізіледі. Финал 3 мамырға белгіленген. Ойындар Хорватияның Задар қаласында өткізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, бүгін, 29 тамызда ширек финалда «Интер» (Испания) - «Газпром-Югра» (Ресей), «Спортинг» (Португалия) - КПРФ (Ресей) командалары кездеседі.