24 там, 2022 сағат 06:54

Фьюри украиналық Усикпен айқасу үшін қанша ақша қалайтынын айтты


WBC тұжырымы бойынша супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) украиналық WBA Super, IBF, WBO және The Ring белбеулерінің иегері украиналық Александр Усикпен (20-0, 13 КО) жекпе-жек өткізу үшін қанша ақша талап ететінін айтты, деп жазады Vesti.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, Фьюри украиналық чемпионмен қолғап түйістіру үшін 500 миллион фунт стерлинг сұраған.

"Әлемдегі ең үлкен бокс кешінің гонорары да ең қымбат болу керек. Қайдағы жоқ, ешкім танымайтын шетелдік боксшымен рингте жолығу үшін алатын табысым да жақсы болғанын қалаймын. Ең алдымен жарты миллиард ақшаларыңды әзірлеңдер. Содан кейін жекпе-жек туралы сөйлесеміз", - дейді ағылшын алыбы.