24 ақп, 2023 сағат 11:28

Генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталды

сурет ашық дереккөзден алынды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы, генерал-майор Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

"ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті биыл қаңтарда келіп түскен 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы өтініш жөнінде СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С. Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.

ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілген.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.