05 жел, 2025 сағат 10:51

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Фото: egov.kz
Қазақстанның кәсіби бокстағы абыройын асқақтатқан Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) ресми түрде енгізілді. Бұл туралы ұйым 2026 жылғы жаңа мүшелер тізімін жариялау барысында хабарлады, деп жазады Ult.kz

Головкин Даңқ залына алғаш рет ұсынылған жылы-ақ қабылданды. Бұл – бокс әлеміндегі ең жоғары мойындаулардың бірі және спортшының мансабындағы тарихи жетістік. Осылайша GGG аталған тізімге енген алғашқы қазақстандық боксшы атанды.
Марапат Головкиннің кәсіби рингтегі ерекше жетістіктеріне берілді. Ол орта салмақтағы бірнеше әлем чемпионы атағының иегері, 20 мәрте қатарынан титул қорғаған рекордсмен. Кәсіби мансабында 42 жеңіс (37 нокаут), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже тіркеген.
Салтанатты енгізу рәсімі 2026 жылдың маусымында АҚШ-тың Нью-Йорк штаты, Канастота қаласында өтеді.