18 қыр, 2022 сағат 12:25

Головкин: "Бұл - менің қателігім"


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Instagram-парақшасында видео жариялады. 

"Маған қолдау білдірген барша қазақстандыққа, барша жерлесіме, бокс жанкүйерлеріне, жалпы Қазақстан тұрғындарына үн қатқым келеді. Жекпе-жектерімді көріп жүргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл бәрімізді біріктіреді. Мұндай кезде барлық проблеманы ұмытамыз. Қолдауды сезіндім, сәл жетпей қалды. Бұл - менің қателігім, мойындаймын. Мықтырақ болып ораламыз, бәрі жақсы болады", - деді Головкин. 

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.