18 қыр, 2022 сағат 13:18

Головкин "Канелодан" неге жеңілгенін түсіндірді


Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Трилогияда 12 раунд қорытындысы бойынша Альварес басым түсті. 

"Стратегиялық тұрғыда менің тарапымнан жекпе-жекті ақырын бастағаным қателік болған шығар. Ол айқасты қалай жүргізетінін, қалай өрбіте бастайтынын көргім келді. Екеуміз де жеңіл, барлаудан бастадық. Алайда бұл созылып кетті. Ал енді қыза бастағанда кеш болып кетті. 

Жеңіліп қалдым деген сезім жоқ, одан көңілге сызат та түскен жоқ. Өзімді жақсы сезінемін, бойым энергияға толы. Бәсекелі айқас болды, екінші бөлігінде қарсыласымнан жақсырақ болғандаймын.  

Жеңісін төмендеткенім емес. Ол жеңді. Бірақ ол мықтырақ немесе жылдам болды дей алмаймын. Керісінше, жекпе-жектің екінші жартысында ол күші мен жылдамдығын жоғалтты. Ол мені таңғалдырмады", - деді Головкин баспасөз жиыны кезінде. 

Трилогия бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.