05 мам, 2021 сағат 02:42

Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды


Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

ТОП-10 үздігі болып WBA және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қалуда. 

Рейтингінің алдыңғы нұсқасына қарағанда орта салмақта IBF/IBO белдіктерінің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9-орыннан 10-ға сырғыды. Оның орнына бірінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хуан Франсиско Эстрада орналасты. 

BWAA мамыр айына ұсынған рейтингінің толық тізімі: 

1. Сауль «Канело» Альварес 

2. Теренс Кроуфорд 

3. Наоя Иноуэ 

4. Эррол Спенс-младший 

5. Теофимо Лопес 

6. Тайсон Фьюри 

7. Александр Усик 

8. Василий Ломаченко 

9. Хуан Франсиско Эстрада 

10. Геннадий Головкин