23 мау, 2021 сағат 13:30

Леффлер Головкиннің басқа боксшылардан ерекшелігін атады


BF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) бірге жұмыс атқарып жүрген промоутер Том Леффлер GGG-дің басқа табысты боксшылардан айырмашылығы қандай екенін баяндап берді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Оның айтуынша, Геннадий күнтізбесінде жоспарланған жекпе-жектері болмаса да, қатаң тәртіп сақтап жүреді. 

«GGG – өте «таза» өмір салтын жүргізіп келген жігіттердің бірі. Ол әрдайым жеген тамағын, салмағын қадағалап, артық келі қоспайды. Ол түнгі клубтарда уақыт өткізбей, ақшасын үнемдеп, отбасын бірінші орынға қойған жігіт», - деп баяндады Леффлер.

Геннадий Головкин бүгінде соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында өткізген. Онда ол Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шыққан. Қазақстандық боксшының рингке оралуы жаздың соңына жоспарланып отыр, алайда оның өтетін күні мен қарсыласының есімі әзірге белгісіз.