Фото: gov.kz
Ақтөбеде 26 жастағы бойжеткен интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мерекелік күндер қарсаңында WhatsApp арқылы қоңырау алған ол өзін гүл жеткізу қызметінің курьері деп таныстырған бейтаныс адамға сеніп, телефонына келген кодты айтып берген.
Кейін тағы бір қоңырау шалған алаяқ өзін банк қауіпсіздік қызметкері деп таныстырып, жәбірленушіге оның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, ақшасын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.
Сөйтіп, бойжеткен 7,5 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жіберген. Қазіргі кезде күдіктілерді анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
