02 нау, 2026 сағат 16:39

ІІМ: Балаларды ұрлау туралы ақпарат – фейк

Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Құзырлы орган мұндай мазмұнда ресми ақпарат таратпағанын атап өтті.

Министрлік азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады. Күдік тудыратын жағдай туындаса, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.