Фото: Platon.asia
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан қатысты сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 115-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген іс аясындағы тергеу аяқталып, іс тоқтатылған.
Сонымен қатар, Әділов қазіргі уақытта сотта Мейірханға қатысты жеке айыптау тәртібімен берілген материалдар қаралып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанада комитет төрағасына қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Онда Мейірханға қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қызметкерлерді қудалау бойынша күдік келтірілгені айтылды. Сондай-ақ, оған қарсы 20-ға жуық бағынышты қызметкер ұжымдық шағым түсіргені хабарланған.
Кейін ІІМ өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, ресми мәлімдеме жасаған болатын.
