10 мам, 2026 сағат 12:56

Балаева: Ана – ұлт руханиятының алтын діңгегі


Фото: gov.kz


Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтуде. Осыған орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аналарға арнап құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.


Министрдің айтуынша, бұл мереке – мейірім мен махаббаттың, алғыс пен құрметтің символы. Ана – әр адам үшін ең қымбат жан, ізгіліктің бастауы, отбасының берекесі және ұрпақ тәрбиесінің өзегі.


— Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген. Ананың ақылы мен өнегесі арқылы ұрпақ бойына құрмет, ізет, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттер дариды. Бұл – халқымыздың рухани тұтастығының негізі, — деді ол.



Сонымен қатар министр елімізде ана мен баланы қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Әлеуметтік қолдау шаралары жетілдіріліп, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында ана мен балаға жағдай жасалып келеді.


Құттықтау соңында Аида Балаева барша аналарға алғыс айтып, отбасыларға амандық пен береке тіледі.