13 мам, 2026 сағат 12:17

Мұрат Ергешбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскендіктен, депутаттық мәртебесінен айырылды.

"Біз алғашқы күндерден бастап тығыз жұмыс істедік. Барлық депутаттың атынан мәжілістегі белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл өте жауапты қызмет. Біз оған жемісті жұмыс тілейміз", - деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.


Естеріңізге сала кетейік, 8 мамырда Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалған болатын. Қазақстан президенті бұл қызметке Мұрат Ергешбаевты тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойған еді.