Фото: Forbes.kz
Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің жұбайы күйеуіне спорттық зейнетақы тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы Илья Ильин мен оның жұбайы Instagram-да бірлескен жазба жариялап, онда Татьяна Ильина күйеуінің мансабындағы жаңа кезең туралы айтқан.
"Үш өмірге де жететін мансап. Өткен аптада күйеуіме еңбек сіңірген жылдары үшін спорттық зейнетақы беру туралы бұйрық шықты. Қазақстанда бұл құқық 20 жылдан астам өмірін спортқа арнаған Олимпиада және әлем чемпиондарына беріледі. Оның жолына қарасам, бір нәрсені ғана ойлаймын: Илья небәрі 37 жаста, бірақ осы уақыт ішінде ол спорттағы бірнеше өмірге жететін мансабын бастан кешірді", - делінген жазбада.
Илья Ильин – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Мансабында ол ауыр атлетикадан төрт рет әлем чемпионатында және екі рет Азия чемпионатында жеңіске жетті.
