16 нау, 2020 сағат 16:46

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 853 адамға жетті

Иранда коронавирустан 853 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлім еттті, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

«Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 1053 жаңа жағдайы анықталды. Ал Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 991, көз жұмғандар саны 853 адамға жетті», - деді баспасөз мәслихатында министрлік өкілі. 

Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың 4996-сы сауығып шыққан.