22 қаз, 2020 сағат 06:20

Исландия премьер-министрімен сұхбат кезінде жер сілкінді

Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир Washington Post тікелей эфирінде сұхбат беру кезінде, қуаты 5,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ВВС.

Дегенмен ол сұхбатты үзбей, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруді одан әрі жалғастыра берді. 

Жер сілкінісі Крисювик маңында болған. Ол – ел астанасы Рейкьявиктің оңтүстігіне қарай орналасқан геотермальды облыс. Крисювик балшық гейзерлерімен және белсенді жанартауларымен танымал.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.