04 нау, 2020 сағат 09:50

Италияда коронавирустан 79 адам көз жұмды

Италияда COVID-19 вирусын 2263 адам жұқтырған. Бұл туралы елдің азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли айтты, деп хабарлайды ANSA.

Алайда, айта кеткен жөн, емделіп шыққандар саны 160 адамды құрады. Бұл дүйсенбідегі көрсеткіштен 11-ге көп.

Еске салайық, Италияда коронавирустан алғаш рет 21 ақпанда бір адам көз жұмды. Ол Қытайда пайда болған жаңа коронавирустың Еуропадағы алғашқы құрбаны болды. 

Италия денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанцаның айтуынша, 78 жастағы ер адам солтүстіктегі Падуя қаласында ауруханада көз жұмған. Ол медицина мекемесінде 10 күн бойы ем алған. Сондай-ақ, Италияда коронавирустан 52 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.