
Милан – Болонья бағытымен кетіп бара жатқан «Фреччаросса» жүрдек пойызы бейсенбі күні таңертең Лоди провинициясында рельстен шығып кетті. Екі адам қаза тапты, олардың бірі – машинист, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Corriere della Sera» басылымының жазуынша, 30 адам зардап шекті. Ал ANSA агенттігінің оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлағанындай, екінші қаза тапқан адамның мәйіті табылған. Ол теміржолда жұмыс істеген.
Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз. Газеттің жазуынша, локомотив пен екі вагон аударылған.
