Фото: Getty Images
Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орналасқан мектепте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz.
Мәліметке сәйкес, қаза болған алты адамның мәйіті орта мектеп ғимаратынан табылған. Тағы бір адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Екі адам тұрғын үйден анықталған.
Тағы 25 адам жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша, атыс ұйымдастырды деген күдікті өзіне қол жұмсаған. Оның әрекетінің себебі әзірге белгісіз.
