23 сәу, 2021 сағат 04:52

«Канело» 39 жастағы Головкинмен айқастан қашқақтап жүр

Boxing247.com журналисі Майкл Коллинстің пікірінше, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзіне қауіпті жекпе-жектен, оның ішінде қазақстандық Геннадий Головкинмен рингке шығудан саналы түрде қашқақтап жүр, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канелоның Плантпен жекпе-жекке шыққысы келетін жалғыз себебі – өзімшілдік. Сондай-ақ жанкүйерлері көргісі келетін боксшылармен кездесуден ресми түрде ақталуға жақсы сылтау. Бұл боксшылар – Бенавидес, Чарло, Головкин, Андрад, Бетербиев, Берланг және Бивол. Олармен айқаста «Канело» жеңіліп қалуы мүмкін», – дейді автор.

Альварестің алдағы жоспарларына келетін болсақ, мамыр айында ол британдық Билли Джо Саундерспен жекпе-жекке шығады.