26 там, 2022 сағат 12:12

"Канело" - Головкин айқасының төрешілері белгілі болды


Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com сайтына сілтеме жасап.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы келесідей: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында қазылық еткен. Біріншісінде ол 115-113 есебімен қазақстандық жеңді деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды. 

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Ол жеңісті мексикалыққа берген болатын - 115-113.