02 нау, 2020 сағат 07:15

«Канелоның» келесі айқасы кіммен және қашан өтетіні ресми мәлімделді

Мексикалық Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жаттықтырушысы Эдди Рейносо боксшының келесі жекпе-жегі кіммен және қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канелоның» қарсыласы – WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО). Жекпе-жек мексикалық Синко де майо мерекесіне орай ұйымдастырылады. 

«Канело» өзінің келесі кездесуін 2 мамырда өткізеді. Біз Сондерспен айқасатын боламыз. Жекпе-жек Лас-Вегаста болады», — деп мәлімдеді Рейносо.

Айта кетейік, қыркүйек айында Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтілуде.