23 қар, 2022 сағат 10:08

Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды және Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы азаматша Г.С. Нарымбетова жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

"Мәселен, ол қаржы схемасын құрып, тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10%-дан 40%-на дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан.

Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 млн теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді" - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.