Фото: ашық дереккөз
Қарағандыда пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды, мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері бар", - дейді полиция.
Күдіктінің кім екені анықталды, қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
