22 қаң, 2026 сағат 11:23

Қарағандыда студент есірткі таратқаны үшін 15 жылға сотталды

Фото: Видеодан скриншот
Қарағандыда колледж студенті есірткі таратқаны үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai telegram арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, студент интернет арқылы белгісіз куратормен жұмыс істеп, «закладчик» және сақтаушы міндеттерін атқарған. Ол есірткіні алу, сақтау және тарату ісімен айналысып, күн сайын ондаған жасырын салым жасаған.

Сондай-ақ оның Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды. Бұл іске ол сыйақы үшін кәмелетке толмаған баланы тартқан.

Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.