
Ішкі әуе рейстерінің жүруі қауіпті деп саналатындықтан, карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі әуе рейстерінің жүруі қауіпті деп саналатындықтан, карантиндік шараларды күшейттік. Бұған қатысты департамент басшысының қаулысы бекітілді. Қаулыда санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бәрі қамтылған деп есептейміз. Барлық нысанда дизенфекциялық шаралар күшейтіледі. Осыған орай әуежай басшыларымен бірге жиналыс өткіздік. Осы мәселенің бәрі сол жиналыста талқыланды», - дейді Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева.
Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама карантин аяқталғаннан кейін де қолданылады.
«Бізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтаған жоқ, сондықтан карантин біткеннен кейін де ұшақпен ұшатын жолаушылар және экипаж мүшелеріне айтып өткен талаптар қойылады. Соның ішінде коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтаманы да талап етеміз», - дейді ол.
