
Астана және Қазақстан митрополиті Александр карантин жағдайында Пасханың қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл Пасха мейрамын діни қауымның мүшелерінің көбісі мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулау жағдайында атап өтеді. Үйде дұға тілеп, діни әдебиет оқып, ғибадат ету шарараларын трансляциялар арқылы қарап, біз осы мейрамға ортақтасамыз», - деп тоқталды ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Сонымен қатар метрополит Пасха түнінде «Еуразия» бірінші арнасында мейрамға орай ғибадат ету шарасынан тікелей трансляция өтетінін айтты.
Айта кетейік, сәуір айының 18-інен 19-ына қараған түнде Қазақстан православ шіркеуі барша павослав әлемімен бірге Қасиетті Пасханы қарсы алады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, төтенше жағдай кезінде діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізу ұсынылды.
