
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев тіс емханаларының карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Медициналық ұйымдардың жедел медициналық көмек беруіне тыйым салынбаған. Жоспарлы тексерулерге, соның ішінде тіс емханасындағы жоспарлы көмекке шектеулер қойылды. Стоматологияда медицина қызметкері мен пациент арасы өте жақын болады. Сондықтан, стоматологияда жедел медициналық көмекті ғана қалдырды. Яғни, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсететін, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тиісті келісімшарты бар стоматологиялық клиникалар жедел медициналық жәрдем көрсетуді жалғастырады», - деп түсіндірді Т. Сұлтанғазиев Facebook-те өткен онлайн-брифингте.
