26 жел, 2022 сағат 08:40

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс сотқа жолданды

Коллаж: exk.kz

Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталған.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып жатыр.

Биыл 22 желтоқсанда облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.