Фото: Ашық дереккөз
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында қазір баспанасы жоқ екенін ашық айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
“Қазір баспанам жоқ. Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін сатып жібердім. 7 балам, келінім, анам – бәріміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бірақ бұл мен үшін стресс емес, дүние келеді, кетеді. Маған бұл маңызды емес”, – деді ол.
Ақынның бұл шешіміне көпшіліктің сын көзқарасы әсер еткенін жасырмады.
“Адамдардың: ‘Сен қарызсың, сен айттың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік. Қажылыққа соңғы ақшамызды балаң үйтті-бүйтті’ деп айтқаны жүрекке ауыр тиеді. Сен таза екенін білсең де, жұрттың сөзі ауыр соққы береді”, – деп қосты Балғынбек Имашев.
