26 там, 2020 сағат 15:19

Қаржы министрінің баспасөз хатшысы қызметіне Әлібек Абдилов тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы қызметіне Әлібек Абдилов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлібек Сағидоллаұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша бітірген (2010ж.), әлеуметтік ғылымдар магистрі (2013ж.). 

Әр жылдары бірнеше телеарна мен радионың тілшісі, редакторы, эфир жүргізушісі қызметтерін атқарған. 

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017 ж.), «Ақпарат саласының үздігі» (2020 ж.) 

Тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі қызметінде болды.