09 нау, 2020 сағат 08:41

Кәсіпқой бокс: Мадияр Әшкеев жеңіліп көрмеген америкалықпен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7КО) шаршы алаңға 10 сәуірде оралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан кәсіпқой боксының ресми парақшасына сілтеме жасап.

«10 сәуір күні біз жеңіліп көрмеген екі боксшы Чарльз Конуэл мен Мадияр Әшкеевтің жекпе-жегінің куәсі боламыз», - деп жазды ESPN-нің америкалық журналисі Стив Ким.

Айта кетерлігі, 22 жастағы америкалық боксшы осыған дейін 12 айқас өткізіп, барлығында да мерейі үстем болды.

Ал Әшкеев соңғы жекпе-жегін былтырғы 9 қарашада өткізген (Калифорния, АҚШ) еді. Ол аргентиналық Родольф Мартинесті (43-9-3, 16КО) жеңген болатын.