05 нау, 2026 сағат 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жасалған шабуылды қатаң айыптады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты Қазақстанның ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп жан-жақты тергелетініне сенім білдірді. Сондай-ақ екі ел арасындағы жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық жолмен реттелуі қажет екенін атап өтті.